
Қыз өссе – елдің көркі емес пе?
Достарым Бердібай, Төрехан үшеуміз бір ас-құдайыдан келе жатқанбыз. Айналасына аңғарымпаздықпен, оң көзбен қарайтын Төрехан жол қысқарсын деді ме, әңгімесін бастады. «Ой, Алла-ай, бұл қазақ қыздары не боп барады? Қазақ қызы десек, өзімізге тиеді. Бәріміз де қыз асырап отырмыз. Бірақ мынандай сұмдықты...










