Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекеде мерейі үстем болды

Мерекеде мерейі үстем болды


«8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай қыз-келіншектер арасында волейбол спортынан облыстық сайыс өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырған жарысқа аудан әкімі аппараты әйел қызметкерлерінен жинақталған топ қатысқан болатын.
Сайыс қорытындысында қарсыластарына дес бермей, әдемі ойын көрсеткен шиелілік арулар оқ бойы оза шығып, І орынды жеңіп алды. Мереке қарсаңында мерейі үстем болған мемлекеттік қызметші қыздарды спорттағы жеңісімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
07 наурыз 2019 ж. 1 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31