Бастапқы төлемсіз баспаналы бол
Өткен жылы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру шеңберінде елімізде «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бекітіліп, «Баспана» арнайы ұйымы құрылған болатын. Бағдарлама халыққа 7% мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит алу үшін оңтайлы жағдайлар, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ, 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша ипотекалық қарызды тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ кез келген қазақстандықтың алуға мүмкіндігі бар. бұл республика бойынша жалпыға бірдей ұсынылған игілігі мол жоба.Соңғы уақытта облыс тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамту үшін аймақта да ауқымды істер атқарылып келеді. Солардың бірі – «Орда» жол картасы. Тұрғын үйдің қолжетімділігі жағынан көш бастап тұрған бағдарлама өткен жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бастапқы төлемсіз баспана алуға мүмкіндік беретін 2018-2020 жылдарға арналған«Орда» жол картасы көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1, 2 топ мүгедектері, оралмандар және ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған, шаңырақ көтергендеріне кемінде 2 жыл болған балалы отбасылар қатыса алады. Осылайша, әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға пәтер беру басымдыққа ие болып отыр.
«Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасы 3 жылға есептелген. Жол картасына қатысушылар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жарияланған пулдарына өтінім беру арқылы қатысады.Бүгінде облыс бойынша 26 мың адам тұрғын үй кезегіне алынған. Айта кету керек, өткен жылы облыс тұрғындарының өз қаржысымен баспана тұрғызу 18 пайызға өскен.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.