ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР «ОРДА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНА АЛА АЛАДЫ
Қызылорда облысында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленді.Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
«Біз өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойдық. Сол үшін 2017 жылы 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «жол картасын» әзірледік. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд.теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық»,- деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, кейін өз атына өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдардың тізіміндегілер, мысалы, көп балалы және толық емес отбасылар,мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1, 2 топ мүгедектері, оралмандар және т.б. ала алады.
«Мысал үшін, осылайша, енді, көпбалалы отбасы екібөлмелі пәтерді ай сайын 42 мың теңге, ал, үшбөлмелі пәтерді 52 мың теңге төлей отырып, ала алады. Нақтылап айтсақ, басқа бағдарламаларда қаралған 30%-дық алғашқы төлемсіз!Айта кету керек, біздің бұл тәжірибеміз басқа облыстарға да іске асыруға ұсынылып отыр»,- деп атап өтті облыс әкімі.