Баспана басты назарда
Т
ұрғын үйсіз тұрмысыңды түзеу қиынға айналған бүгінгі қоғамда баспана мәселесінің өзектілігі күшейіп, жоғарыда тілге тиек еткен тіркестің мәні арта түсетіні түсінікті. Жыл басындағы Елбасы үндеуінде «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын бекітудегі басты мақсат та халықтың баспаналы болсам деген арманын ақиқатқа айналдыру болатын.
Бағдарламаның «7-20-25» аталуының да өзіндік мәні бар. Бұл түпкілікті мөлшерлеме жылдық 7 пайызбен, ешқандай артық комиссиясыз және қосымша ақысыз, тұрғын үй құнының бастапқы жарнасы 20 пайыз, кредиттің ең ұзақ мерзімі 25 жыл. Тұрғын үй сатып алу үшін белгіленген бағаның ең жоғарғы шегі Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін 25 млн. теңге, ал қалған өңірлер үшін – 15 млн. теңге деп белгіленген.
Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бірақ қатысушының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуға тиіс. Қазіргі таңда «Центркредит», «Халық», «Еуразия», «Цесна», «АТФ», «РБК» және «Тұрғын үй құрылысы жинақ» банктері арқылы келісім жасасу мүмкіндігі туды.
Бағдарлама қатысу үшін қажетті құжаттар да көп емес. Атап айтқанда, әлеуетті қарыз алушы банкке еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжаттарды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы мәліметті, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуға тиіс.
«Үйі бардың – күйі бар» демекші, аталған жұмыстар еліміздегі ең басты мәселенің біртіндеп шешімінің табылуына түрткі болмақ. Сол арқылы тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер тумақ.
Өкініштісі жыл соңы таяп қалса да ауданда аталған бағдарлама аясында ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық болмай тұр. Өзіміз жүргізген сауалнама нәтижесінде ауданда пәтер жалдап тұратындар аз емес екенін байқадық. Олардың басым бөлігі жас отбасылар мен жалғызбасты аналарды құрайды.
Н.Көшеков, кент тұрғыны:
Гүлхан ЯХИЯЕВА.

- Елбасының ипотекалық тұрғынүйге қатысты бағдарламасын естігенде қатты қуандым. Пәтер жалдап тұрып жатқанымызға биыл 5 жыл болды. Баспаналы болсақ деген оймен өткен жылдан бері тұрғынүй құрылысы жинақ банкіне қаржы салып келеміз. Бұрындары өз үйімізде тұруды қол жетпес армандай көретін едік. Қазір сол арманға жақындағандаймыз. Бұйырса, келер жылы жодасым екеуміз бастапқы жарна 20 пайызды жинап, қоныс тойды тойлаймыз деп отырмыз. Қалғанын 25 жылға бөлейміз, – деп, ағынан жарылды.
Гүлхан ЯХИЯЕВА.