Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды

Қазақстанда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды


Қазақстанда "Баспана Хит" жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша кредит беріле бастады, деп жазды sputniknews.kz, Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. "7-20-25" бағдарламасынан айырмашылығы, тұрғын үйді таңдау кезінде бұрын пайдаланылған пәтерді сатып алуға болады, баспананың бар-жоғы ескерілмейді, бірақ бұл ипотека қымбатырақ – пайыздық көрсеткіш Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты болады. Қазіргі таңда номиналды түрдегі сыйақы 11 процентті көрсетіп отыр. Бірақ банктерге "Баспана Хит" ипотекасына комиссия белгілеуге рұқсат берілген жағдайда жылдық тиімді мөлшерлеме 11 пайыздан жоғары болатыны сөзсіз. Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің бірі қазірдің өзінде өтініш қабылдауды бастады, онда пайыздық мөлшерлеме 11,9 құрайды. Тағы бір банк кредиттеуге 1 қарашадан кіріседі. Бағдарлама ресми табысы бар 23-60 жас аралығындағы қарыз алушыларға бағытталған. Алдын-ала төлем 20 пайыздан кем болмауы тиіс, ал мерзімі 15 жылдан аспауы керек. Мерзімінен бұрын өтеуге болады. "7-20-25" бағдарламасы секілді тұрғын үйдің максималды құны шектеулі. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау үшін лимит 25 миллион теңге, өңірлер үшін – 15 миллион. Еске сала кетейік, "Баспан Хит" жобасының іске қосылғаны туралы қыркүйек айында жарияланды

Источник: zakon.kz
31 қазан 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031