Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Шиелі ауданында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Оның бірі Қарғалы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.
Жаңа ғимарат жергілікті бюджет есебінен жобалық құны 42 млн. 583 мың теңгеге бой көтерді.
Әкімдік ғимаратының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Әшім Оразбекұлы барша тұрғындарды еліміздің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әкім аппараты ұжымы халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, түйінді мәселелердің оңды шешімін табуына ықпал етуі қажеттігін атап өтті.
Аудан басшысы Әшім Оразбекұлы жаңа нысанның лентасын қиып, қуанышқа жиналған тұрғындар шашу шашып, заман талабына сай салынған әкімшілік ғимаратын аралап шықты.
17 желтоқсан 2018 ж. 1 935 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031