ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Тәуелсіздікті әр азамат мақтан тұтады. Ал тәуелсіз елде тұру әр адам үшін шынайы бақыт. Еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздік күні мерекесі ерекше болды. Мерекенің ашылу сәті экраннан Тәуелсіздікке дейін еліміздің кезең-кезеңмен жүріп өткен тарихи жолы қойылып, дархан даламыздың, шаттыққа бөленген еліміздің бүгінгі жарқын өмірі мақтанышпен айтылды.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы егемен еліміздің ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл күннің — азат еліміз үшін айрықша күн екеніне тоқталды. Осынау кең байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғай жүріп, ата-бабаларымыздың асыл арманының орындалған күні екенін айтты.
Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде Елбасымыз қандай қиын іс болса да бел шеше кірісіп, елді бірлікке шақыра отырып, жарқын болашаққа жол сілтеді. Өзінің дара саясатының арқасында елді әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратпай, дамудың өркендеу жолына үндеді, ұлтаралық татулыққа селкеу түсірмеді, сарабдал саясат арқасында Тәуелсіздігіміз әрі қарай нығайып, шекарамыз бекіді, тарихымыз түгелденді, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Туған ана тілімізбен, дінімізбен, ділімізбен қайта қауыштық.
Сондай-ақ, аудан басшысы Әшім Оразбекұлы сала үздіктерін марапаттады
- Кәрібаева Майра Құдайбергенқызы «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен, Мырзабеков Насырбек Аябекұлы "Ұлттық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының Қызметті жетілдірудегі жетістіктер және сапа идеяларын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Сала көшбасшысы-2018» номинациясы бойынша дипломмен, Әлішер Айжан Қабылбекқызы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік Одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталады. Сондай-ақ, ел дамуы жолында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар облыс, аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді.
Салтанатты мерекеге жиналған жұртшылық ыстық ықыласқа толы алғыстар мен марапаттардан соң аудан көркемөнерпаздарының әндері мен билерін, қойылымдарын тамашалады.
Жалпы еліміздің ұлық мерекесі-Тәуелсіздік күні барлық ауылдық округтерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.