Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕН ШЫҚҚАН КОМПОЗИТОРЛАРДЫҢ ӘН КЕШІ

ШИЕЛІДЕН ШЫҚҚАН КОМПОЗИТОРЛАРДЫҢ ӘН КЕШІ

Аудан әкімінің қолдауымен, «Шиелі аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданының 90 жылдығына орай жергілікті композиторлардың «Жүректің шерттім пернесін...» атты ән кеші өткізілді.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген жергілікті композиторларға ән кешіне сәттілік тілей отырып, туған жерге, атамекенге деген сезімін әнмен әрлеген сазгерлерге шығармашылық табыс тіледі.
Кешегі өткен Сыр сүлейі Нартай ақынның қалыптастырған дәстүрлі мектебінен тәлім алған шәкірттері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Өркен Исмаил, Кенжебай Жүсіп, Құрманбек Бекпейіс, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері күйші – композитор Батырхан Маханов, композиторлар – Сейтімхан Аймаханов, Алмат Қалекеев, Нариман Мизамбаев, Әл-Фараби Бекарысұлы, күйші – композитор Әділбек Тәшімовтердің әндері орындалды.
29 қараша 2018 ж. 3 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031