20 отбасы солтүстікке қоныс аударды
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты аясында бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру. Яғни, жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті түрде қоныс аудару болып табылады. Бағдарламаға қатысушылардымемлекеттік қолдау көшуге және тұрғын үй жалға алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.
Қоныстандыру кезеңінде бірінші кезекте отбасындағы жұмысқа жарамды азаматтар жұмыспен қамытлады және қатысушыларға мемлекеттік қолдау әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 84175 теңге көлемінде бір рет және тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі. Тұрғын үйді жалға алуға ақы төлеу шығыстары қоныс аударған бір ғана адам үшін 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 48100 теңге, отбасы мүшелерінің саны бесеу не одан да көп болған кезде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 72150 теңге он екі ай ішінде ай сайын субсидия төленіп отырады.
Сонымен қатар, қоныс аударған отбасы коммуналдық шығындарды өтеуге
12 ай бойы берілетін субсидиясын тұрғын үй сатып аламын деген жағдайда бір мезетте төленуге жол беріледі.
Ағымдағы жылы Шиелі ауданы бойынша 20 отбасы ерікті түрде қоныс аударды. Атап айтқанда Павлодар облысына 6 отбасы 18 адам, Шығыс Қазақстан облысына 6 отбасы 19 адам және Қостанай облысына 8 отбасы 27 адам қоныстанды. Отбасындағы еңбекке қабілетті азаматтар жұмыспен қамтылды. Шиелі ауданы Иіркөл а/о Ы.Жахаев ауылынан 1 отбасы Піржанова Раушан жұбайы Псанбаев МұратҚостанай облысы, Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылына қоныс аударды. Піржанова Раушан осы ауылдағы балабақшада көмекші тәрбиеші болып жұмысқа орналастырылсса жұбайы Псанбаев Мұрат"Агрофирма "Карабатыр" ЖШС «слесарь-жөндеуші» болып жұмыс жасауда. Сондай-ақ Жуантөбе ауылдық округі Алғабас елді мекенінің тұрғыны М.Сүлейменов отбасымен Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Мұздыбай елді мекеніне қоныс аударып, Мұздыбай-1 шаруа қожалығына механизатор болып жұмысқа орналасқан. Осы шаруа қожалық теңгеріміндегі жаңадан салынған 4 бөлмелі үй кейіннен жекешелендіру құқығымен жалға берілген. егер қоныс аударуға ниетті жандар болса, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, толық мағлұматтар алуға болады. Сонымен қатар, 4-32-36 жұмыс телефонына хабарласуға болады. Мекен-жайымыз Шиелі кенті, Мұстафа Шоқай көшесі №53 ғимарат, бұрынғы поликлиника ғимараты.
Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы.