оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару биыл да жалғасады
Елбасы халықтың осал топтарын нәтижелі жұмысқа тарту үшін олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау бағытында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын қабылдап, оның тиімді жүзеге асырылуына үлкен мән беруде.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықты жұмыспен қамту жолында жыл басынан атқарылған жұмыстар нәтижесімен ауданымызда 347 жаңа жұмыс орындары және 191 жеке кәсіпкер, 19 заңды тұлға, 3 шаруа қожалығы тіркеліп, барлығы 560 жаңа жұмыс орны құрылса, 465 азамат жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, жұмыстарға орналастырылды. Дегенмен, бұл көрсеткіштердің өзі аудандағы жұмыссыздық мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермейді. «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыс күші көп аймақтардан (Алматы, Жамбыл, ОҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жұмыс күші тапшы өңірлерге (СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстары) ерікті қоныс аудару қарастырылған. Осы орайда, 2018 жылдың 2 наурызы мен 12 сәуір күндері Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының жұмыс беруші делегациясының қатысуымен Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға байланысты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көшуге ниетті азаматтарға кеңестер беріліп, өтініштері қабылданған болатын. Бұл бағытта үміткерлерді ерікті қоныстандыру кезеңінде қатысушыларға мемлекеттік қолдау отбасының әрбір адамына отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, көшіп барған әрбір адамға 84175 теңге көлемінде бір реттік, оған қоса тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.
Тұрғын үйді жалға алуға ақы төлеу шығыстары қоныс аударған бір ғана адам үшін 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (48100 теңге) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әр адамға 60125 теңге) және отбасы мүшелерінің саны бесеу не одан да көп болған кезде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әр адамға 72150 теңге) он екі ай ішінде ай сайын субсидия төленіп отырады. Сонымен қатар, ерікті қоныс аударған қатысушыларға жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін барған жеріндегі өңірлік комиссияның келісімімен бір жылға отбасына тұрғын үйді жалға алуға төленетін субсидиясын жеке меншікке тұрғын үйді алдын ала сату-сатып алу келісім шарты негізінде бір мезетте төленуіне жол беріледі. Осы орайда тұрғын үйді сатып алу кезіндегі қаржы көлемінен бір жолғы төлем мөлшерінен кем болса артық ақша бағдарлама қатысушысына тиесілі болып кері қайтарусыз қалдырылады. Ал, тұрғын үйді сатып алу сомасы белгіленген бір жолғы төлем мөлшерінен көп болса құнының айырмасы бағдарлама қатысушысы өз қаражаты есебінен төлейді. Мысалы, 1 отбасын алсақ яғни, әке-шешесі, 3 баласы барлығы отбасында 5 адам. Ерікті қоныс аударған осы отбасының 5 мүшесіне ай сайын 72150 теңге, он екі айда 865800 теңге қаржыны құрап отыр. Қоныс аударушының тұрғын үйді сатып алу бойынша белгіленген құны мысалға 1000000 теңге болса, мемлекет тарапынан он екі айда төленуге тиісті 865800 теңге бір мезетте беріледі. Сонымен қатар, бір реттік берілетін 420875 теңге субсидия төленеді. Осы қаржыларды қосқанда көшіп барған отбасының қолында 1 277 675 теңге болады. Солтүстік өңірлердегі орташа тұрғын үйдің құнының 500 мың мен 1 млн. теңге аралығында екендігін ескерсек қоныс аударған отбасы мемлекет тарапынан алған қаржысына қалаған үйін сатып алуына мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, қоныс аударған отбасының жұмысқа жарамды әрбір мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасады. Бұл өз кезегінде ауданымыздағы басында баспанасы жоқ әрі тұрақты жұмысы жоқ жас отбасылар үшін үлкен мүмкіндік.
Жалпы айтқанда Сырдың бойынан теріскейге қоныс аударып, тұрақты қызметке орналасуға ниет білдірген азаматтарға барлық жағдай жасалатын болады. Атқарылған жұмыстарға тоқталсақ 2014-2015 жылдары «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласына 3 отбасы (мүшелері 16 адам) қоныс аударып, Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан еңбекке жарамды 5 азамат жұмыспен қамтылып, барлығына тұрғын үй берілді. Ал, 2017 жылы Иіркөл а/о, Жансейіт елді мекенінен Н.Нұрымбетовтер отбасы Қостанай облысы, Әулекөл ауданы, 1-Май ауылына қоныс аударды. Отағасы Н.Нұрымбетов «Әуле би» ЖШС слесарь-жөндеуші болып, ал, жолдасы А.Бақытқызы осы ауылдағы дәрігерлік амбулаториясына 2 бірліктегі жүктемемен (мамандардың жетіспеуі салдарынан) фельдшер болып жұмысқа орналастырылып, жұмыс жасауда. Отағасы Н.Нұрымбетов өзі жұмыс жасап жатқан «Әуле би» ЖШС теңгеріміндегі 6 бөлмелі тұрғын үйді 500 мың теңгеге сатып алып өз атына жекеге рәсімдеп алған.
Құрметті аудан тұрғындары! Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға байланысты ниеттеріңіз немесе сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы кеңес алуларыңызға болады.
Шиелі аудандықжұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.