Асыл ұғымдармен астасуда
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды топтамасын жасауды қолға алу қажет деп атап көрсетті. Елбасы аталмыш мақалада бұл қадамның маңыздылығына тоқталады. Бұл – Тәуелсіз ел жастарының, тарихы мен мәдениетінің ұлттың түп тамырынан ажырамауы бағытындағы жасалған Рухани бағдарлама болмақ. Осы арқылы Президент адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Қазақстан саяси, экономикалық реформаларда бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ал, аталған мақала мазмұны алдағы дәуірлер тоғысында ұлтымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саятынын айшықтайды.
Айдана Маманова.
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры