Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпараттық топтың айтары көп

Ақпараттық топтың айтары көп


Аудандық «Арман» мәдениет үйінде облыс әкімінің өк­імімен құрылған облыстық ақпараттық топ мүшелері Ел­басының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы және «Бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Ә.Оразбекұлы Жолдаудың негізгі басымдықтарын және одан туындайтын міндеттерге тоқталып, стратегиялық бағ­дар­ламаларды жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақ­сат­ында құрылған облыс­тық ақпараттық топ жетек­шілерінің аймақта жүзе­ге асырылып жатқан жұмыс­тарын баяндады.
Бұл маңызды жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызыл­­­орда облыстық филиалы­ төр­ағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, об­лыс­тық мәслихат депутаты Қ.Қасымов, «Қызылорда облысының еңбек саласын­дағы бақылау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Жалғасбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қара­балаев, Қазақтелеком» АҚ филиалының оңтүстік өңір­аралық телекоммуникациялар дирекциясы басшысының орынбасары С.Серікбаев, облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ж.Дүзелбаева, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы­ның орынбасары Д.Тілеуов қатысты.
Кездесу барысында­ ­ақ­парат­тық топ мүшелері өз­ салалары бойынша Жолдау­ жүктеген тапсырмалар төң­ірегінде әңгіме өрбітті.
Жиынды қорыт­ындылаған Ә.Оразбекұлы:
– Құрметті жиынға қатысу­шылар! Ұлт Көш­басшысының халыққа арналған биылғы Жолдауы да және қабылданып жатқан стратегиялық бағдарламалар – еліміздің болашағы үшін аса маңызды саяси шаралар.Сондықтан да сіздерді, саяси өзгерістер мен Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсаттарды тиісті дәрежеде елге түсіндіру және атқару үшін, бірлесе жұмыс жүргізуге шақырамын, – деді.
Еліміздің Тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне үлес қосу, ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті тұғырлы ете отырып, “Мәңгілік Ел” идея­сын іске асыру, жалпы Жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыруға атсалысу – әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Міне, бұл шараның негізгі мазмұны осы ойға саяды.

Ж.Ноғайбайқызы.
02 қазан 2018 ж. 862 0