Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ...

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ...


Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә. Оразбекұлының қатысуымен «Көкшоқы» Бастауыш партия ұйымы Аудандық кітапханада САМҒАУ ОРТАЛЫҒЫ COWORKING ашылу салтанаты болып өтті.
Сонымен қатар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Б.Мырзахметова орталықтың ашылуына арнайы келіп, аудан жұршылығын құттықтап, облыс көлемінде аудандар бойынша бұл ортылықтың бірінші ашылғандығын тілге тиек етті.

Коворкинг ағылшын сөзі. Оны қазақшаға аударғанда «бірлескен жұмыс» деген мағынаны береді. Қазір кітапханаларды жаңа форматқа көшіру маңызды. Бұл орталықта оқырмандарға жайлы жағдай жасалған. Мұнда келушілер кітап оқып, интернет желісіне қосылып, барлық ақпаратты ала отырып, өз жұмысын бітіре алады. Тіпті шахмат, дойбы ойнап, кофе ішіп, демала алады. Демек, бұл коммуникативтік алаң. Мәселен, бұл жерге достарыңызбен бірге келіп, уақытты қызықты әрі тиімді өткізе аласыз.

Нұр Отан Шиелі Ауданы ФБ парақшасынан.
22 қыркүйек 2018 ж. 2 730 0