Сайт жұмысы жанданатын болады
Сәрсенбінің сәтті күнінде Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты ақпарат құралдарының сайт қызметкерлеріне арналған практикалық семинар өтті.
Бүгінгі ақпарат ертеңгі күні ескіріп қалатын жылдам, қарқынды даму үстіндегі мемлекетке оперативті қызмет ететін мамандар қажет. «Веб-аналитика және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен жиын барысында «Grand master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев ІТ-технологияның қыр-сырын меңгерудің жолдарын көрсетті. Ол мүмкіндігі шектеусіз, шекарасы кең интернет әлеміндегі көпшілік біле бермейтін кейбір мәселелерді, сайттардың сапасын, рейтингін көтеруге байланысты ұсыныстарды ортаға салып, тың идеялар ұсынды.
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында ІТ саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келе жатқандығын тілге тиек етеді. Бүгінде алпауыт елдер бағындырған ақпараттық технологияның бір жетістігі сайттардың жандануы., электронды қызметтің құзыры жайында түрлі мысалдар келтірген ІТ саласының маманына БАҚ өкілдері сайт қаралымын арттыру, дизайны мен сапасы жайында ұсыныс-пікірлерін де білдірді.
Жылдам, сенімді, шынайы ақпаратты халыққа жеткізу бағытында «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты 11 газет пен серіктестіктің порталы, «Кызылорда-ньюс» интернет газеті жұмыс істеп тұр. Семинарда алдағы уақытта Алмат Қуанышбаев аталмыш сайттардың оқырманға ыңғайлы, смартфон арқылы жылдам кіріп, анық оқылуын жолдарын қарастыратын боламыз деді. Сонымен қатар, жиын соңында қатысушыларға кәсіби дайындықтан өткені жөнінде сертификаттар табыс етілді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.