Игілік басы – ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ
Сәрсенбінің сәтті күнінде облыстық мәслихаттың кезекті 21-сессиясы өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алғашқы жартыжылдықты қорытындылап, облыстағы айшықты істерді тілге тиек етті. Сөз басын жағымды жаңалықпен бастаған аймақ басшысы Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өндірудің 2017 жылғы қорытындысы шыққанын хабарлады. Яғни, Жалпы өңірлік өнім бойынша соңғы 4 жылда, алғаш рет оң векторға шыққанымызды жеткізді.
Биылғы жартыжылдық облыс үшін табысты болды. Оның ішінде инвестициялар көлемі (117,2%), құрылыс жұмыстары (115,9%), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (102,7%) және өңдеу өнеркәсібі көлемі (100,5%) жоғары. Ал, өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек өнімділігі биылғы бірінші тоқсанның өзінде 10%-дан асса, шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 2,7 есеге көбейген.
Экономикадағы оң үрдістің ықпалы құрылыстың қарқындауына да сеп болды. Жалпы индустрияландыру ұзақ процесс. Сондықтан, экономиканы әртараптандыру биыл да басты назарда болмақ. «Қазір жалпы құны 620 млрд. теңге болатын, экспортқа бағдарланған тағы 26 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Нәтижесінде, тағы да 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 4 жоба бойынша – молибден өндіру және балық өңдеу, сонымен қатар, цемент және шыны зауыттарын осы жылы іске қосатын боламыз» – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Аталған ірі 4 жобаның бірі Шиелі ауданынан бой көтеріп жатқан тампонажды цемент зауыты. Бұл шамамен 260 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық өндіріс екенін ескерсек, қазірдің өзінде 200-ге жуық жергілікті тұрғын іріктеліп, осы зауытқа жұмысқа орналасу үшін мақсатты түрде арнаулы білім алып жатыр. Содан кейін, инвесторлардың ұсынысы бойынша, олардың ішінен бір тобы іріктеліп, Қытайға оқуға жіберіледі. Қазір 46 адам сол жақта оқып жатыр. Сонымен қатар, желтоқсан айында өтетін телекөпір аясында біз Мемлекет басшысына тампонажды цемент өндіретін зауытты да іске қосуды ұсынатын боламыз, – деді.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мақсатында 22 маусым күні «Цифрландыру: өңірді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ Халықаралық Интернет-форум өткен болатын. Оған Ресейден, оның ішінде Татарстаннан, Қытайдан, Белоруссиядан, Украинадан, сонымен қатар, цифрландыру саласы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары - «Huawei» (Қытай), «Dell» (АҚШ), «Сколково» (РФ) және т.б. өкілдері қатысты. Форумның нәтижесінде IT-жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы Халықаралық «Astana Hub» стартап-хабы, «Smart city» технологиясын енгізу бойынша Беларустық «Какаду Девелопмент», сондай-ақ, цифрландыру бойынша Қазан қаласындағы ресейлік «Барс Групп» және қазақстандық «Транстелеком» компанияларымен меморандумдарға қол қойылды.
ІТ-технологияға басымдық берген аймақ басшысы білім беру сапасын арттыру жұмыстарын да қолға алуда. Осы орайда, 2014 жылдан бастап мектеп түлектерінің мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуына мүмкіндік жасауда. Алғашқы 62 студент осы айда Ресейдің маңдай алды инженерлік оқу орындарының дипломдарын алып, елге оралады. Олардың ішінде 13 түлек магистратурада оқуларын жалғастыруды жоспарлап отыр. Алпауыт 30 елмен терезе теңестіруді көздеген ел болғандықтан бәсекеге қабілетті маман даярлау басты мақсатымыз. Үстіміздегі жылдан бастап М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша Қызылорда жастарына магистратурада оқу үшін 20 грант бөлінген. Бұған қосымша үстіміздегі жылдың шілде айының басында Астанада ЕвраАзЭС-тің парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның құрамына 3 институт, 4 факультет, 17 кафедра кіреді. Сырбойылық өрендеріміз білім алатын университеттің жаңа бағыттарының бірі - бизнес-информатика. Осы мамандық аясында цифрлы экономиканың дамуы кезінде маңызды болып отырған блокчейн және криптовалютаны меңгеретін болады деп күтілуде.
Одан әрі ауылшаруашылық саласына тоқталған аймақ басшысы аталмыш салада сапалы өзгерістер барын сөз етті. Ағымдағы жылы Қызылорда қаласында Испан технологиясы бойынша жұмыс істейтін автоматтандырылған алғашқы жылыжай кешені салынады. Бұдан басқа, Шиелі ауданында тағы да 20 жылыжай салу жоспарда бар. Ауылшаруалығы министрлігі біздің өңірімізде сүт өнімдерін өндіруді дамытуды қолдамаса да біз бұл саланың маңыздылығын ескере отырып, ағымдағы жылы Шиелі ауданында 1200 бас ірі сүт өнімдері тауарлары фермасын іске қосуды және өңірімізде табиғи сүт өндіру үлесін арттыруды жоспарлап отырмыз – деді, кезекті сессия барысында. Оң өзгерістерді тізбектей келе былтыр Шиелі ауданында жұмыртқа өндірісін дамыту мақсатында алғашқы құс фабрикасы өз жұмысын бастады. Бұдан басқа, Қызылорда қаласында да екі құс фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 6 айында құс саны 36%-ға, ал, жұмыртқа өндіру 45%-ға артқанын жеткізді.
Шиелі халқын қуантатын жағымды жаңалықтардың бірі – «Күміскеткен» су қоймасының жөндеу жұмыстары болды. Нақтырақ айтар болсақ, су қоймасы 600 млн текше метрге дейін су жинақтайтын болады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, әрі қарай қаржыландыру үшін Су ресурстары жөніндегі комитетіне жолданған. Сонымен қатар, ауданда құрылысы басталған 150 орындық аурухана 2019 жылы ел игілігіне берілетін болады.
Ел әлеуетін арттыратын, сан саланың сапалы жұмысы дамушы елдер қатарынан дамыған озық мемлекетке жеткізері анық. Аймақ басшысы алғашқы жартыжылдықта атқарылған өрелі істердің кең өріс алғанын тілге тиек етіп, алдағы айшықты істермен бөлісті. Индустрия, ауылшаруашылығы, білім, мәдениет, спорт, денсаулық, кәсіпкерлік сынды салаларда ілгері жылжу бары байқалады. Сөз соңында аймақты дамыту бағдарламасында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сипаттайтын жылдың соңына дейін қол жеткізуге тиіс 121 индикатор қаралғаны айтылды. Өңірлік өнімнің физикалық көлемінің индексін 100,4% -ға жеткізу - 2018 жылға қойылған міндет десе, оны жүзеге асыру қиын болғанымен Сыр елінің бағындырар белесіне айналарына сенімдіміз.
Г.ДҮЙСЕБАЙ.