ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы болып табылады. Қазіргі уақытта жер мәселесі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі.
Жер қатынастарын реттейтін ҚР Жер Кодексіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР 2018 жылғы 4 мамырдағы Заңымен жер учаскелерін пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ҚР заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына бақылауды жүзеге асыру функциясы Орталық уәкілетті органнан жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға берілсе, ал жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзіреті мен функциялары аудандық (қалалардағы ауданнан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына берілді.
Жер заңнамасында азаматтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормасын сақтау, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беруге талаптарды күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға қажеттілігін қамтамасыз ету қарастырылған.
Жер кодексінің 23 бабы, 1-1-тармақпен толықтырылып,
ҚР Мемлекеттiк шекарасының шекаралық белдеуiнде орналасқан жер учаскелерiнің жеке меншiкке және уақытша жер пайдалануға берiлмейтіндігі және ҚР Мемлекеттiк шекарасының шекаралық белдеуi шегiнде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптарын халықтың қандай да бiр ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрғызу құқығынсыз, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және шөп шабу үшiн пайдалануына жол берiлетіндігі көзделген.
Сонымен қатар, Жер кодексінің 43-бабында көзделген жер учаскесiне құқық беру тәртiбiне өзгерістер енгізіліп, кодекстің 43-1-бабында көзделген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру жағдайларын қоспағанда, жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзiмi қабылданған күнiнен бастап бiр жылды құрайды. Бiржылдық мерзiмдi өткiзiп алу жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
Жер учаскелерiн беру нормалары бойынша Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері ҚР азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.
«Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері» қарастырылған Жер кодексінің 84-бабы, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру; елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;» тармақшаларымен толықтырылды.
Аталған баптың 3- тармағы «Жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қалауы бойынша осы Кодекске және
ҚР заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, оған осы Кодекске және ҚР заңнамасына сәйкес орнына басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
Бұл ретте жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылған кезде жер пайдаланушыға залалдарды өтеу ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады» деп жаңа редакцияда жазылды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта учаскелерге бөлуге жол берілмейтіндігі және елдi мекендердiң жерiн бас жоспарларына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларды алмастыратын схемасына) сәйкес кеңейту жағдайларын қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн және жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн өзгертуге жол берiлмейтіндігі Жер кодексінің 97-бабында қарастырылған.
Жер заңнамасының 110-бабында Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңы аймақтарында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге тыйым салынатындығы көзделген.
Жалпы алғанда, заң ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын жетілдіруге бағытталған. Бүгінде Елбасымыздың межелеген жаңғыртудың сатыларына қол жеткізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жер дауына қатысты арыз-шағымдар мен өтініштерге тиімді жауап беру мақсатында әкімдік тарапынан «Жер ақпараттық жүйесі» ғаламтор желісі (www.kyzylorda-zher.kz) ашылып, бөлімде атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер енгізілуде. Жерге орналастыру саласының мамандары жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді атсалысуда.