«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына қатысты АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Заңдар)Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы а.ж. 10 қаңтарда қол қойды.
Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 30-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бұл Заңдар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соңқолданысқа енгізіледі (а.ж. 13 шілде).
Бағалау қызметі саласындағы өзін-өзі реттеуді енгізу шеңберінде Заңда түбегейлі өзгерістер көзделген, атап айтқанда:
- мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу саласына беру;
- РБП мен 16 бағалаушылар палатасын қоспағанда, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың көп болуы;
- бағалаушылар палаталарының мүшелерінің санын кемінде үш жүз (300) бағалаушы-жеке тұлға деп айқындау;
- бағалау қызметі кәсіби деп танылды;
- бағалаушылар палаталары жүзеге асыратын бағалаушы-жеке тұлғаларды сертификаттауға ауыстыра отырып, жеке және заңды тұлғаларды лицензиялаудың күшін жою.
- бағалаушылар палаталары сарапшыларының бағалау туралы есептердің сараптамасын жүзеге асыру;
- «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі мүліктік жауапкершілікті баламалы таңдау.
- есептер сараптамасының қайталануына орай қайталама бағалауды алып тастау;
- «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату, айыру туралы ережелер көзделген.
Одан басқа, ӨРҰ-ның мыналарды:
- ӨРҰ мүшелері үшін міндетті қағидалар мен стандарттар бекітуді;
- халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруді;
- «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктер беруді;
- бағалаушылар біліктілігін арттыруды;
- бағалау сапасын бақылауды, сондай-ақ бағалаушылар палаталарының сарапшылық кеңестерінің есептер сараптамасы рәсімін жүргізуінқоса алғанда, құқықтары мен міндеттері кеңейтілді.
Бағалаушылар жеке практикамен айналыса отырып, сондай-ақ бағалаушы мен заңды тұлға арасындағы еңбек шарты негізінде бағалаушылар палатасына міндетті түрде мүше бола отырып,дербес бағалау қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, бағалау қызметін жүзеге асыруға үміткер адамдар біліктілік емтихандарынан Әділет министрлігінде емес, бағалаушылар палатасының біліктілік комиссиясында өтеді.
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің Заңның, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының, бағалаушылардың іскерлік және әдеп кодексінің талаптарын, палатаға мүше болу шарттарын сақтауын тексеруді бағалаушылар палаталары жүзеге асыруға құқылы, оның мүшесі Әділет министрлігі емес, бағалаушылар болып табылады.
Әділет министрлігі Заңның 30-бабы шеңберінде бағалаушылар палаталарының қызметін бақылауға уәкілетті.
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясы қабылданғанға дейін жеке тұлғаларға берілген бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялардың күшін жою емес, жаңа Бағалау қызметі туралы заң қолданысқа енгізілген күннен бастап біліктілік емтиханынан өтпей, бағалаушылар палаталарында «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлікке ауыстыру жоспарлануда.
Көрсетілген Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бағалау қызметін жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға берілген және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздері алған лицензиялар жарамсыз болып танылады.
Одан басқа, Заң шеңберінде бағалау қызметін мемлекеттік реттеу жөніндегі функциялар Әділет министрлігінен Қаржы министрлігіне берілгеніне назар аударамыз.
Шиелі аудандық Әділет басқармасы