Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер жекеге берілмейді

Жер жекеге берілмейді


КӨКШОҚЫДАҒЫ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ БРИФИНГ ӨТтІ. БҰЛ ЖОЛЫ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН МЕҢЛІБЕКОВ «ЖЕР ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН 2018 ЖЫЛЫ 4 МАМЫРДА ҚАБЫЛДАНҒАН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫ ТУРАЛЫ» АЙТЫП ӨТТІ.
Аталмыш жиында бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамаларына түбегейлі енгізілген өзгерістер туралы БАҚ өкілдеріне толық түсіндірді. Онда жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы бойынша, Президенттің 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен және тиісті заңдармен ауыл шаруашылығы жерін қазақстандықтарға жекеменшікке және шетелдіктерге жалға беруге қатысты жер кодексінің нормаларына 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізілгендігі жайлы айттты. Ендігі жерде заңда шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу бойынша мораторийдің нормаларына толықтыру ретінде, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы Заңымен жарғылық капиталға кез келген мөлшерде шетелдік қатысуы бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерін жалға беруге тыйым салынды дейді. Заң, ең алдымен, қазақстандықтардың ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау институтын сақтауға және одан әрі жақсартуға бағытталғаны жайында тоқталды.
Сонымен қатар, жер кодексі ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде жалға беру тәртібін жан-жақты регламенттейтін жаңа 43-1-баппен толықтырылғандығын айтып, оларға тоқталды. Шекаралық аумақтарда жерді беруге қойылатын талаптар қатаңдатылғаны жайында да сөз етті. Тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері мен жер заңнамасына енгізілген жер комиссиясының жұмысы, құзыреті, өкілеттігі, құрамы туралы айтылды.
Е.ДАТҚА.
10 шілде 2018 ж. 1 803 0