Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕР МӘСЕЛЕСІ – ЕЛ МӘСЕЛЕСІ

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ – ЕЛ МӘСЕЛЕСІ


Мәжіліс Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізетін заң жобасын талқылауда. Құжатты 2016 жылы Жер реформасы жөніндегі комиссия әзірледі.
Ведомство қазіргі уақытта Қазақстанда Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий күшінде екенін еске салады. Ол Прези­денттің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нор­маларын қолдануға шектеу енгізу туралы» Жарлығымен және «Жер кодексінің кейбір нормаларының күшін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы заңмен бекітілген. Мора­торий 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін кү­шінде болады. Оған дейін жаңа заң қабылданады деп кү­тілуде.
Заң жобасы қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтауға және жетілдіруге бағытталған. Осы мақ­сат­та бірыңғай жер комиссиясын құру жоспарлануда. Оның мүше­лерінің құрамы кем дегенде 50 па­йызға қоғам­дық кеңестер мен ұйым­дардың өкілдерінен тұрады. Ко­миссия оты­рыстары міндетті түрде дыбыс және бейнежазбаға жазылуы тиіс.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тұрақты мониторингін енгізу көзделеді: жер те­лімінің қаншалықты дұрыс пайда­ланылатынына 5 жыл ішінде – жыл сайын, кейінгі кезеңде суармалы жерлерде – әрбір 3 жылда, тәлімі алқаптарда 5 жыл сайын бақылау жасалады.
АШМ-ның байламынша, бұл шаралар ауыл шаруашылығы жер­лерін тиімді және ұтымды пайда­лануға, пайдаланылмайтын жерлерді анықтауға және айналымға тартуға мүмкіндік береді. Жерді пайдалануға қоғамдық бақылаудың рөлі артады. Бұдан бөлек, жер пай­далану­шы­лардың жауапкершілігін көтеруге ықпал етеді.
Сонымен қатар бір қолға бе­рілетін ауылшаруашылық ал­қаптарының мөлшеріне шектеу­лердің жоқтығы латифундистердің пайда болуына соқтырды. Сол себепті, заң жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір жеке және заңды тұлғаға жалға берілетін ең шекті көлемін анықтау әдістемесін бекіту көзделген.
Шетелдік азаматтармен некеде тұратын қазақстандықтарға, сондай-ақ кез келген үлестегі шетел ка­питалы бар заңды тұлғаларға шекаралық аймақтағы жерлерді жалға беруге тыйым салу ұсынылады. Бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақ­станның аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге ба­ғытталған.
Құжат – халықтың жеке мал­дарын жою үшін қажетті жайы­лымдық жерлер ауданын анық­тайды. Өйткені елдімекендер ма­ңындағы қол­да­ныстағы жайы­лымдар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырмай­ды әрі ол жерлер тез деградацияға ұшы­райды. Елдімекендер ай­наласында бос жайылымдар мен шабындықтар жоқтың қасы, олар негізінен бұрын жекеменшікке немесе жалға беріліп қойылған. Әкімдіктер жүргізген ал­дын ала есептеулерге сәйкес, ауыл­дардың жайылымдарға деген мұқ­таждығы бүгінде 27,7 млн гектарды құрайды. Сондықтан халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі енді осы жоба бойынша «мемлекеттік мұқтаж­дықтарға» жатқызылады, тиісінше бұрын са­тылғандарын мемлекет кері сатып алуға тиіс.
Бұған қоса, халықтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учас­келеріне деген қажеттіліктерін де осы қатарға енгізу жоспарлануда. Қазір бүкіл ел бойынша ЖТҚ үшін жер кезегінде 1,2 миллионнан астам адам тұр.
Ерік Ерденов
07 ақпан 2018 ж. 1 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930