Қызылордада бір аптада масаң күйде көлік тізгініне отырған 9 жүргізуші анықталды
Қызылорда облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және масаң күйде көлік басқарудың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Бір апта көлемінде көлік құралын масаң күйде басқарған 9 жүргізуші анықталды. Полиция қызметкерлері олардың жолдағы қауіпті әрекеттерінің жолын кесіп, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдады.
Масаң күйде көлік жүргізу – жол қозғалысы ережесін бұзумен ғана шектелмейтін, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Бір ғана жауапсыз шешім ауыр жол-көлік оқиғасына, адам жарақатына немесе орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды күшейтіп, рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын масаң күйде басқармауға және өз өмірімен қатар жолдағы өзге де азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.