ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Тағылымды басқосудың мақсаты — қазақ қызының бойындағы ибалық, ізеттілік, білімділік, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттердің мәнін ашып, оларды ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып дәріптеу.
Кездесу барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен отбасылық тәрбиенің маңызы, қазіргі қоғамдағы қазақ қызының орны, білім мен кәсіби дамудың қажеттілігі сөз болды. Қатысушылар ұлттық болмысты сақтай отырып, заман талабына сай тұлға қалыптастыру жөнінде пікір алмасып, жастарға тағылымды ой-пайымдарын жеткізді.Іс-шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының» директоры Нұрсәуле Мұсаева, кәсіпкер әрі көпбалалы ана Гүлмира Базарбайқызы, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Жанар Сағынбаева және университет білім алушылары қатысты.
Кездесуді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Салтанат Бижігітқызы жүргізді.Тағылымды кездесу студенттердің ән шашуымен қорытындыланды.







