Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру саласындағы ынтымақтастық

Білім беру саласындағы ынтымақтастық

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен Байкен-U және Хорасан-U компаниялары арасында екі жақты меморандум аясында Ғылым және академиялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту  бағытында екі жақты кездесу өтті.



Дөңгелек үстел барысында ұйымдастырылған шараға «Байкен-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Ербол Смаилов, адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Абзалбек Тәуіпбай, «Хорасан-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Бағдат Айдүйсенов, бас геологтың орынбасары Айдос Ажихан, техникалық бөлімнің өндіріс бастығы Берік Калиакпаров және университет ғалымдары, профессор-оқытушылары қатысты.
Кездесу барысында шараның маңыздылығы жөнінде айтылып, университет ғалымдарымен бірлесіп жоспарлар жасау маңыздылығына тоқталды. Ғылым мен ғылыми жаңалықтарды коммерциаландырудың өзектілігі жөнінде айтылып, шараның тигізер әсері мен берер пайдасының зор екенін жеткізді.
Шара барысында жергілікті оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуы жөнінде де айтылды. мүдделі екендігі айтылды.  
Жиын қорытындысында ек жақты пікір алмасып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктері жөнінде сөз болды.
03 ақпан 2023 ж. 142 0