Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол ережесін 306 рет елемеген: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Жол ережесін 306 рет елемеген: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Жол ережесін 306 рет елемеген: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалдыАстанада бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 25 жастағы жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мониторинг барысында Hyundai Palisade көлігінің жүргізушісі тек биылдың өзінде жол қозғалысы ережелерін 306 рет елемегені белгілі болған.  
Оның 169-ы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыруға байланысты болса, 134-інде автобус жолағымен жүрген.  
"3 мамырда бейнебақылау камералары оның Ұлы Дала даңғылыда сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады", - деді Астана прокуратурасы өкілдері.


09 қыркүйек 2026 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30