ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІЛІК ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ТІРЕГІ
Тілдер күні қарсаңында «Тіл – мемлекеттілік пен ұлттық бірегейлік тірегі» тақырыбында студент жастар мен оқырмандар арасында эссе жазу байқауы өтті.Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жастардың тілге деген құрметін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ана тілінің қоғамдағы маңызын насихаттау.
Шара барысында қатысушылар тілдің ұлт болмысын айқындайтын басты құндылықтардың бірі екеніне тоқталып, қазақ тілінің тарихы, бүгінгі қолданысы мен келешегі туралы өз ойларын эссе арқылы жеткізді. Жастар өз шығармаларында мемлекеттік тілдің ел бірлігін нығайтудағы, ұлттық сананы қалыптастырудағы және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше мән берді.
Эссе байқауы қатысушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың тіл мәселесіне деген азаматтық ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қалам арқылы өз ойын еркін жеткізген жастар қазақ тілін құрметтеу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.
Іс-шара соңында үздік жұмыстар анықталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді. Байқау қатысушыларға ана тілінің қадірін терең түсініп, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосуға бағыт-бағдар берді.






