Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыдан Ташкентке қатынайтын пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

Алматыдан Ташкентке қатынайтын пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

Алматыдан Ташкентке қатынайтын пойызда әйелдер вагоны іске қосыладыҰлттық тасымалдаушы Алматы - Ташкент халықаралық бағытында әйелдер вагонын іске қосады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 Алматы - Ташкент халықаралық пойызының құрамына әйелдер вагоны қосылады.

"Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Әйелдер вагоны іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан аса жолаушы пайдаланды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Қазір пойыздар күн сайын қатынайды:
  • Алматы станциясынан жөнелтілуі - cағат 19:05;
  • Ташкент станциясына жетуі - сағат 12:53 (Ташкент уақытымен);
  • Ташкент станциясынан жөнелтілуі - сағат 14:41 (Ташкент уақытымен);
  • Алматы станциясына жетуі - сағат 08:51.
Жаңа вагон іске қосылуына байланысты әйелдер вагоны қолжетімді бағыттар саны 14-ке жетеді.

28 тамыз 2026 ж. 94 0