ҚЫЗЫЛОРДАДАН ТАШКЕНТКЕ ТІКЕЛЕЙ БАРАМЫЗ
Облыс тұрғындары үшін тағы да жағымды жаңалық, Қызылорда қаласынан Өзбекстан астанасы Ташкентке тікелей қатынауға мүмкіндік жасалды. Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатындағы «Қызылорда – Ташкент – Қызылорда» тұрақты автобус маршруты екі қала арасындағы барыс-келісті ұлғайтуға сеп болады.
Жаңа бағытқа қатынайтын автобустар күнделікті сағат 17-00 де жүреді. Жүргізушілердің есебінше, Ташкентке жылдам жетеді. Билет құны – ересектерге 3 мың, 7 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға мың жарым теңге.
– Екі мемлекет басшыларының келісімі арқасында шекара ашылып, қазақ-өзбек қатынасының аясы кеңейді. Енді жолаушыларымыз жайлы заманауи автобустар арқылы діттеген жеріне барып-келе алады, – дейді «Салтанат» ЖШС басшысы Баянбай Сыздықов.
Екі ел арасын жақындататын жаңа бағыттың алғашқы жолаушысы Әмина Құрманбаева Ташкент қаласында тұратын туыстарына бара жатқанына қуанышты.
– Бұрындары көлік ауыстырып, кемі жарты күн жүретін едік, енді тікелей баратынымызға қуаныштымын. Билет құны қолжетімді. Ташкенттегі туған-туыстарым да енді Қызылордаға жиі сапарлатып келетіндеріне разы, – деді жолаушы.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Жезқазған, Сарыағашқа қалааралық автобустар қатынайды.
– Жолаушыларымыз жолда шаршап-шалдықпай баратынына кепілдік береміз. Өйткені жол қауіпсіз, әрі жайлы, – деді жүргізуші Фахриддин Хасанов.
Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жүзеге асыратын маршрутты екі ел арасындағы байланыс пен достықтың жемісі деуге болады. Алдағы уақытта халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалы аясы кеңейе түспек.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».