Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтар жолақыны смартфондары арқылы төлей алады

Қызылордалықтар жолақыны смартфондары арқылы төлей алады


Қызылорда автобус паркінде қолданысқа енгізілетін электронды билет жүйесінің таныстырылымы өткізілді. Алдағы күндері жолаушылар жолақысын қолындағы смартфондары арқылы төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электронды жүйенің жұмыс жасауы мүлдем қарапайым. Бар болғаны ANDROID операциялық жүйесіндегі Play Market қосымшасы арқылы «IPAY» ЖШС-мен жасақталған OyBy мобильді көмекші жүктемесін орнатып, көмекші қосымшамен автобус салондарында орналасқан «QR» кодтар арқылы жол жүру ақысын бірліктеріңіз есебінен төлей аласыздар. Төлемдер автобус кондукторлары қолындағы қондырғылар арқылы бақыланып, тікелей Автобус парк орталығындағы экрандар арқылы сол мезетте көрінеді.
«Алдағы уақытта бұл кодтар автобус паркіне тиесілі барлық автобус салондарына орнатылады. Сол секілді смартфонсыз жолаушылар үшін жолақысын қолма-қол төлем түрі де қалдырылады. Заманауи электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында ең бірінші болып қолданысқа енгізіліп отыр», дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Қаюпов.           
Бұл шараны ұйымдастырушылар Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына жасалған тарту екендігін айтады. Себебі, жүйені орнатуға ешқандай қаржы жұмсалмаған.
Әділет Қаңтарбаев


25 сәуір 2018 ж. 1 035 0