Диетолог қан қысымын төмендетуге көмектесетін жемісті атады
Диетолог Элизабет Клингбейл артериялық қысымды төмендетуге көмектесетін ең тиімді жемісті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. Маманның сөзінше, көпшілік калийді жеткілікті мөлшерде тұтынбайды. Оның айтуынша, орташа мөлшердегі бір бананда 422 миллиграмм калий бар.
"Дұрыс тамақтанған жағдайда калий артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Сондықтан аз уақыт ішінде бұл жеміс қан қысымын төмендетуге ықпал етуі мүмкін", - деді дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін де кардиолог қан қысымын дәрі-дәрмексіз түсіруге болатынын айтты.







