Диетолог ең пайдалы төрт кептірілген жемісті атады
Диетолог Людмила Микитюк ең пайдалы кептірілген жемістерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ең көп таралған және пайдалы кептірілген жемістер – мейіз, кептірілген өрік, құрма, қара өрік. Олар өте қоректі және жаңа піскен жемістерге қарағанда үш есе көп талшық, дәрумендер мен минералдарға ие", — деді ол.Маман кептірілген жемістер қоректік заттардың күнделікті нормасының көп мөлшерін толтыра алатынын атап өтті.
Мейіз калий және В дәрумені сияқты заттарға бай. Бұл өнім қан қысымын төмендетуге, ағзадағы қабыну процесін азайтуға көмектеседі.
Ең пайдалы кептірілген жемістердің қатарына диетолог құрамында темір, калий және талшық бар құрманы да қосты. Бұл жеміс айқын антиоксидантты әсерге ие.
"Кептірілген өрік көз ауруларының алдын алады. Ол талшыққа, калийге, А және С дәрумендеріне бай, А дәруменінің тәуліктік мөлшерінің 47%-ын қамтамасыз ете алады, бұл біздің теріміз бен көзімізге пайдалы", — деді сарапшы. https://stan.kz