Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨҢІР ТІРШІЛІГІНІҢ ӨЗЕГІ

ӨҢІР ТІРШІЛІГІНІҢ ӨЗЕГІ

Өркениетке ұмтылған кезеңде жолдың сапалы болуы маңызды. Көше асфальттанып, оның бойы жарықтандырылса, халыққа қолайлысы да сол. Сондықтан жыл сайын жолды жөндеуге мемлекеттік қаржыдан тиісті қаражат бөлініп, барлығы жоспар бойынша кезектілігімен іске асуда.
Шиелі ауданында жол мәселесі тұрақты назарда болып, әр жылы кент орталығында және елді мекендерде көшелер асфальттанып жатыр.
Жуырда аудан әкімі Айтбай ­Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелідегі жаңғыртып жатқан жолдың құрылысымен танысты. Бүгінде құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан кентіндегі Яссауи, Бәкіров, Есабыз және Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан Шиелі кентіндегі К-4 арнасы көпіріне дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу жобалары жүзеге асырылуда.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 520 млн теңгені құрайды. Жаңғыртылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 4,04 шақырым. Жобаның бас мердігері – «УАД» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «СК Энерго-OIL» ЖШС, ал авторлық қадағалаушы мекеме – «СпецМонтажСтрой LTD» ЖШС. Жоба аясында Яссауи көшесі төрт жолақты болып қайта жаңғыртылады.
Мамандардың сөзінше, жоба толық аяқталғаннан кейін аталған көшелер заманауи талаптарға сай жаңартылып, жолдың жүріс бөлігі абаттандырылады, жол бойына заманауи аялдамалар орнатылатын болады. Сондай-ақ жол белгілері, жол таңбалары және көше жарықтандыру шамдары толықтай жаңартылмақ.
Құрылыс басында болған аудан әкімі жауапты мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстап, белгіленген мерзімде аяқтау керегін айтты.
Тұрғындарды көшелерге жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамыз!

Мейіржан ИБРАГИМОВ
10 тамыз 2026 ж. 22 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31