Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалдыБас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Ерлан Андабаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Андабаев Ерлан Ахметсапаұлы 1976 жылғы 10 қазанда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылғы тамыз айында Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісінің тағылымдамашысы қызметінен бастаған. Әр жылдары Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Алакөл және Сарқан аудандарының, сондай-ақ Қонаев қаласының прокуроры лауазымдарын атқарған. 2022 жылғы шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып қызмет етті. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан асады.
20 ақпан 2026 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930