Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында танымдық кездесу өтті

«Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында танымдық кездесу өтті

№159 Еңбекші орта мектебінде «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Кездесуге Еңбекші ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы – Ұлман Бәтішева, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты – Нұрсұлтан Сапарбаев, «Еңбекші» ауылдық амбулаториясының мейірбикесі – Роза Майкөтова, №159 Еңбекші орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі – Гүлмира Ақмолдаева, №10 Шиелі ауданының БЖСМ футзал бөлімінің жаттықтырушысы – Абылайхан Мұсаханұлы қатысты.
Кездесу барысында оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, әр мамандықтың ерекшелігі, жауапкершілігі және болашаққа әсері туралы құнды ақпарат алды. Ата-ананың бағыт-бағдары мен қолдауының маңызы жайлы да кеңінен әңгіме қозғалды.
Бұл кездесудің оқушылар үшін пайдасы зор — олар болашақ мамандық таңдау жолында нақты түсінік алып, мотивацияға ие болды.
#AMANAT
24 қараша 2025 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930