Толағайлар тартысы

Кіл мықтылар жиналған сайысқа Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбетова, Шиелі ауданы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейінің директоры Қ.Ыханова төрелік етті. Сан түрлі кезеңнен сүрінбей өтіп, отбасындағы ауызбіршілік пен спортқа деген қызығушылығын таныта білген топ оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді. Нақтырақ тарқатсақ, бас жүлде «Қыдырбай» отбасына бұйырды. Ал І орынды «Шәкір» отбасы, ІІ орынды «Сейтқасым» отбасы қанжығаға байлады. ІІІ орынмен «Амангелді» отбасысы марапатталды. Сайыс жоғары деңгейде өтті.
А.Асанов