Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы: қарттарым - асыл қазынам

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы: қарттарым - асыл қазынам

1 қазан - Қарттар күніне орай, Еңбекші ауылдық мәдениет үйі және Еңбекші ауылдық әйелдері ісі жөніндегі төрайымы Ұлман Бәтішева және "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен үлгілі, өнегелі Смайловтар әулетінің 50 жылдық алтын тойына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – ауылымыздағы тату, еңбексүйгіш, көп балалы отбасыларды ұлықтау, өскелең ұрпаққа отбасы құндылықтарын насихаттау болды.
Шараға арнайы ауыл әкімі Елдос Жүсіп, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нейла Палымбет, "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әйелдері ісі жөніндегі маманы Жанар Махамбетова және Еңбекші ауылдық округінің әйелдері ісі жөніндегі төрайымы Ұлман Бәтішева қатысты.

Партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова: "Сіздерді өмір жолындағы ең асыл, ең айтулы мереке — отбасыңыздың 50 жылдық алтын тойыменшын жүректен құттықтаймын. Бұл — тек бір отбасындағы жарасым емес, бұл — өзара сыйластықтың, мызғымас махаббаттың, өмірлік серіктестік пен шыдамның жарты ғасырлық үлгісі. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз — кейінгі ұрпаққа үлкен тәрбие, биік үлгі. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, немере-шөберелеріңіздің қуанышын көріп, аман-есен ғұмыр кешулеріңізді тілейміз. Алтын той құтты болсын!"- деп құттықтау хат табыстады.

Шара аясында үлгілі отбасыға ұйымдастырушылар тарапынан сый - сияпат табысталып, құрмет көрсетілді.

01 қазан 2025 ж. 144 0