Жақсы дәстүр жалғасын тауып жатыр

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков салтанатты шараға жиналғандарды мерейтой иелерінің еңбек жолдарымен таныстырып, олардың өмірі өскелең ұрпаққа өнеге екенін, ағаларымызға қандай марапат жасасақ та артық етпейтінін атап өтіп, К.Смаиловқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын, Ә.Бәкіров пен С.Ермағанбетовқе аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстап, иықтарына шапан жауып, сый-сияпат жасады.
Бұдан кейін арқалы ақын Ержан Әмір құрмет иелеріне мәтіні мен нақышына келтіріп арнау айтып, көпшілік көңілінен шықты.
Еліміздің дамуына бар күш-жігерін жұмсаған азаматтарды еңбек ардагерлері Рахым Мауяев, Өркен Әзімханұлы, Әшім Оразбекұлы, Қазима Дүрімбетовалар шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Мерекелік шараны Нартай өнер мектебінің өнерпаздарының орындауындағы әсем ән мен тәтті күйі әрлей түсті.
Өз кезегінде мерейтой иелерінің атынан Киікбай ағамыз жұртшылықтың көрсетіліп отырған сый құрметіне алғысын айтып, елімізге бірлік пен ынтымақ тілеп, ақ батасын берді.
Айдар Бақытжанұлы,
фото Бақытжан БӘЙІМБЕТ
фото Бақытжан БӘЙІМБЕТ