Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанатты қалам қалықтаған күн

Қанатты қалам қалықтаған күн

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қызылордада «Қанатты қалам – 2025» салтанатты шарасы өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр жұртшылығы атынан қаламгерлерге ризашылығын жеткізді.
Қазіргі ақпарат тасқынында сенімді дерек, дәйекті талдау ұсынудың мәнмағынасы зор. Кез келген ақпаратты мұқият елеп-екшеп, жұртқа дұрыс жол көрсету өте маңызды. Осы миссияны атқаруды көздеген 150-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы аймақтың медиа кеңістігінде жұмыс істеп жатыр. Қоғамның тыныс-тіршілігін зерделеп, билік пен халықтың арасына алтын көпір салған журналистер қауымын аймақ басшысы құттықтады. Ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамда алар орнына тоқталды. – Бүгінде интернет ресурстар, ЖИ жылдам дамыған жаһандану дәуірінде халыққа шынайы әрі жан-жақты зерделенген ақпарат ұсынудың маңызы зор. Журналистиканың миссиясы – дәлелденген, рас ақпаратты тарату. Алаш арысы М.Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті болады» деген екен. Сол үшін ақпарат құралдарына халықтың үні, ұлттың жаршысы, рухани тірегі болу жауапкершілігі жүктелген. Құрметті ақпарат саласының өкілдері, сіздер аймағымызда отандық журналистиканың ең үздік мектебін қалыптастыруға үлес қосып келесіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сыр жұртшылығының атынан ризашылығымды білдіремін, – деді облыс әкімі. С а л т а н а т т ы ж и ы н д а С ы р журналистикасының ардагерлеріне облыстың ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды. Ал талантты ақын, қарымды қаламгер Дүйсенбек Аяшұлы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен наградталды. Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімінің арнайы номинациясын иеленгендердің қатарында «Өскен өңір» газетінің тілшісі – Гүлхан Яхия да бар. «Көзқарас» ­номинациясымен марапатталып, аймақ басшысының арнайы сыйлығына ие болған әріптесімізді құттықтап, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз. Осылайша ақпарат тасқыны алапат дәуірде таңдаған мамандығына адал болып, ұстанымын өзгертпеген, қалам қасиетін ардақ тұтқан журналистер қауымы құрметке бөленіп, әуезді кештің куәсі болды.

«Өскен өңір» ақпарат
01 шілде 2025 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031