Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сыр елі БАҚ күнін қалай атап өтті?

Сыр елі БАҚ күнін қалай атап өтті?

Сыр елінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам-2022» мерекелік салтанатты шарасы өтіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. 

Аймақ басшысы ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамда алар орнына тоқталды.

- Ақпарат тасқыны алапат дәуірде таңдаған мамандығына адал болып, ұстанымын өзгертпеген, қалам қасиетін ардақ тұтқан журналистер қауымына жақсы тілектерімізді айту үшін жиналып отырмыз.
Өздеріңіздей туған жердің тарихын қадір тұтып, бүгінгісіне марқайып, ертеңіне алаңдайтын қауыммен жүздесу біз үшін үлкен қуаныш.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел дамуының барлық кезеңдерінде бүгінімізді бекем, болашағымызды жарқын ету жолында Сіздер де зор үлес қосып, ең қиын сәттерде жүректерге сенім ұялататын шынайы ақпарат тараттыңыздар, халықтың ертеңге деген сенімін арттырдыңыздар.
Ұлт болып ұйысуға, мемлекет болып ілгерілеуге бағытталған елдік шаруаларға, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін өздеріңізге риясыз алғысымызды айтамыз,-деді Нұрлыбек Нәлібаев. 

Аймақтың ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілі облыс әкімінің арнайы марапатына ие болып, құрмет төрінен көрінді. 20 БАҚ өкіліне арнайы номинация, 10 сала ардагеріне шипажайға жолдама берілді. Сондай-ақ, С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер
байқауының жеңімпаздары марапатталды. 

Салтанатты жиында журналистер мерекелік думанды әнге бөледі. Сондай-ақ, Сырдың өнерпаздары қалам ұстаған қауымға құрмет көрсетті.

Айта кетейік, бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 130-дан аса БАҚ жұмыс істейді.
29 маусым 2022 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9021)

12 тамыз 2022 ж.

№63 (9020)

09 тамыз 2022 ж.

№62 (9019)

06 тамыз 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам