Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шиелі аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік жиында ақ халатты абзал жандардың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.
Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов сала үздіктеріне алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Мерекелік шарада "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының Алғыс хатымен бірқатар дәрігерлер марапатталды.
"Медицина – асқан жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті және жанқиярлықты талап ететін сала. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, дәрігерлердің еңбегін бағалау – біздің басты міндетіміз," – деді аудан басшысы.
Шара соңында өнерпаздар тарапынан мерекелік концерт ұсынылып, кешке келгендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
18 маусым 2025 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930