Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең еліміздің барлық өңірінде дабыл белгісі қосылады

Ертең еліміздің барлық өңірінде дабыл белгісі қосылады

Ертең еліміздің барлық өңірінде дабыл белгісі қосылады22 мамыр күні таңертең еліміздің барлық өңірінде ескерту жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дыбыстық дабыл белгісі ойнайды. Бұл – «Өрт-2025» оқу-жаттығуы аясында өтетін жоспарлы шара, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстанда 22–23 мамыр аралығында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Жаттығу төтенше жағдайлар кезіндегі басқару органдары мен азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биылғы оқу-жаттығудың үйлестіру және басқару орталығы осы өңірде орналасқан. 22 мамыр күні сағат 9:00-де ел аумағында дабыл белгісі қосылып, жүйенің техникалық дайындығы тексеріледі.Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды. Бұл – алдын ала жоспарланған оқу-жаттығу екенін ескертеді. 
Сондай-ақ жаттығу аясында шекара маңындағы аумақтарда орман және дала өрттерін сөндіруге бағытталған іс-қимылдар да пысықталады. Бұл жұмыстарға Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен техникасы да жұмылдырылады.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ 2 курс студенті
21 мамыр 2025 ж. 42 0