Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «БАХЫТ АРЕНА»: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

«БАХЫТ АРЕНА»: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

Енді қалаға қана емес, ауданда да қалаған спорт түрімен айналысып шынығуыңызға болады. Таза ауада тынысы ашылып, денсаулығы жақсарған талай азаматты көріп те жүрміз.

Осы мақсатта Шиелі өңірінде игілікті істер көбейіп келеді. Әсіресе ауданның ақжолтай азаматтары ебін тауып, жастардың жігерін шыңдап жатыр. Осы тұрғыда жаңадан бой көтерген «Береке» мөлтек ауданындағы «Бахыт арена» спорт кешенін ерекше атап өткеніміз жөн. Аудан жастарының арманына айналған нысан десек те болады. Тіпті арнайы жаттықтырушылар да қызмет көрсетеді. Жалпы бұл спорт кешенінің құрылысы 2023 жылы басталып, 2024 жылдың 1 тамызында нысан пайдалануға берілді. Жастарды спортқа баулитын құтты мекеннің іргетасын жеке кәсіпкер Базаркүл Жеңсікбаева жеке қаражаты есебінен қалаған. – «Бахыт арена» спорт кешені – тек спортпен айналысуға ғана емес, сонымен бірге балалар мен жастарды рухани тәрбиелеуге де ықпал ететін орталық. Мұнда түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік бар, сондай-ақ кәсіби деңгейдегі жаттығулар өткізуге барлық жағдай жасалған. Біз аудан тұрғындарын денсаулыққа мән беріп, белсенді өмір сүруге шақырамыз, – деді Б.Яхуллақызы. Жаңа кешенде заманауи жабдықтармен қамтылған 3 жаттығу алаңы бар. Тағы бір ерекшелігі, би билейтін залы да көзге ерекше көрінеді. Айта кетейік, 1 айлық абонемент құны – 15 мың теңге, ал бір ретті қатысу үшін 2000 теңге, күнделікті шектеусіз қатысу тек алғашқы айға 20 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар бұл жақта футбол ойнайтын алаң бар. Қысқасы, кешеннің есігі спортпен айналысқысы келетін барлық тұрғындарға ашық. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін спорттық дағдыларды дамытуға, өз қабілеттерін шыңдау және кәсіби деңгейге жетуге тамаша мүмкіндік. Спорттық кешеннің дамуына үлес қосып жүрген Нұрсұлтан Бақытбекұлы мен Әсел Серікбайқызы да еңбек етіп, күндіз-түні жұмыс істеп, жаңа идеяларды қарастырады. Жоғарыда жазғанымыздай, келушілерге нұсқаулық жасап үйрететін жаттықтырушылар бар. Соның бірі – Айгүл Әріпбайқызы. Ол спортпен айналысқысы келетін адамдарға бағыт-бағдар береді. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытады. «Бахыт арена» – Шиелінің болашақ келбетін түзбек. Өйткені спорт кешені халық игілігіне жарап, талай спорт майталмандарының мекені болмақ.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ
26 наурыз 2025 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930