Қызылорда облысындағы Сексеуіл ауылында спорт кешені қолданысқа берілді
Сыр өңіріндегі тіректі мекенге айнала бастаған Сексеуілде спорт кешені ашылды. Сексеуіл-Жезқазған теміржолы ашылғалы ажары кіре бастаған Арал ауданының ең ірі ауылында пайдалануға берілген жаңа нысан №20 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің игілігіне берілді. Кешеннің жалпы аумағы 5 мың гектарды құрайды. Мұнда волейбол, баскетбол залдарымен қатар күрестің үш түрімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Енді 11 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекеннің 200-ге жуық кəсіби спортшысы тиісті талапқа сай спорт кешенінде жаттығатын болды. Жəне аудандық, облыстық жарыстар өткізуге де мүмкіндік туып отыр. Ерболат Қараев, спорт мектебінің директоры: - Бокстың да арасында біздің оқушыларымыздан 6 бала бірден облыстың құрамасына кірді. Балалардың барлығы спорт интернатынан өткен, республикалық колледжде оқып жатыр. Оны бітіргендер де бар. Қазақтың спорт жəне туризм академиясын бітірген оқушыларымыз да бар.
24.kz
24.kz