Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысында 70 дәрігер жетіспейді

Жамбыл облысында 70 дәрігер жетіспейді

Жамбыл облысында 70 дәрігер жетіспейдіЖамбыл облысында білікті маман тапшылығы әлі де байқалады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері ауқымды жұмыс атқарғанымен, медицина саласы әлі де болса білікті дәрігерлерге зәру, деп хабарлайды Egemen.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша 70 дәрігер тапшылығы бар.
«Облыстағы мемлекеттік ұйымдардағы дәрігерлер тапшылығы 2024 жылдың қорытындысымен 70 бірлік (22 қала, 48 ауыл) болды. Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді.
Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 62 дәрігер өңірге жұмысқа келді.
Республикалық бюджет есебінен Жамбыл облысына мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыспен 182 дәрігер резидентурада оқиды. 2024 жылдың қорытындысымен 3 893 медицина қызметкерлері (оның ішінде 977 дәрігер, 2 916 орта буын қызметкерлері) оқытылды. Жалпы шетелде 21 дәрігер біліктілігін арттырды. 2024 жылы өңірге 90 жас маман келді», дейді ол.
Жамбыл облысы
09 наурыз 2025 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31