Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді

Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігін береді:
1) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
2) «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
3) «А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»;
4) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
5) «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;
6) «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
7) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» КЕАҚ;
8) «Астана медицина университеті» КЕАҚ.
Білім беру гранты үлестірілетін конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Әкімдік ұсынған грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.