800 мектепте кітап қоры жаңартылды

Бүгінде мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асқан.
«Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Биыл модернизация аясында 800 мектеп кітапханасы жаңартылып, олардың қоры жаңа көркем әдебиетпен толықтырылды. Сонымен қатар, кітапханалардағы жиһаздар жаңартылды», деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. Кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында 2024 жылы 1 775 маман арнайы курстан өткен. Оның ішінде 1 239 мектеп, 536 колледж кітапханашысы бар.