Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ЖӘНЕ "БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ" ӨТТІ

"ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ЖӘНЕ "БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ" ӨТТІ

Кеше "Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде "Мансап" орталығының өкілдерімен бірге "2025 жыл - Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында «Ашық есік күні» және жергілікті жұмыссыз тұрғындарды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері мен студенттерінің қатысуымен «бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері» ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шиелі аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы, "АMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы, Шиелі аудандық "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Бауыржанұлы Бекзатхан, "Волковгеология" ГРЭ 23 филиалының жетекші технологы Балтабай Жалғас, "Гаухар" тігін цехының басшысы Рүстемов Бақыт және кәсіпорын жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шараны Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директорының міндетін атқарушы Сүлейменов Болат Мулланазарұлы ашып, алғашқы сөз кезегін Шиелі аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Төлегенов Ағыбай Рүстемұлына берді. Ағыбай Рүстемұлы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ол үшін білім сапасын көтеру мәселелерін қозғады.
Шиелі ауданының "Мансап" орталығы филиалының директоры Тулегенова Сандуғаш Ғабитқызы жастарға арналған кәсіп ашуға арналған бағдарламалар туралы баяндап, жәрмеңкеге қатысушыға сәттілік тіледі.
Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс десек, бүгінгі шарамыздың басты мақсаты да колледждің, болашақ мамандардың, жұмыс берушінің ынтымақтастығын дамытып жаңа мүмкіндіктерге жол ашу болып табылады.
Аталған жәрмеңке жыл көлемінде тұрақты өткізілетін болады.
12 ақпан 2025 ж. 189 0