Минералды су шығаратын зауыт іске қосылды
«Жаңа зауыттың құрылыс жұмысына 30 адам тартылған. Өндіріс ошағында 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Ал минералды ауызсу «Бай тал» атауымен алдағы уақытта нарыққа шығарылатын болады», дейді аудан басшысы.
Жауапты мамандардың айтуынша, Тұрар Рысқұлов ауданында жалпы құны 16,1 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы жобалар толыққанды аяқталған кезде ауданда 500 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Жамбыл облысы
Тұрар Рысқұлов ауданы