Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі: Кәсіпкерлік әлеуеті артып келеді

Шиелі: Кәсіпкерлік әлеуеті артып келеді

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында қарқын бар. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірісін ұлғайтуда бірқатар жұмыстар жүргізілді. Мәселен, биыл Шиелі ауданында 350 тұрақты жұмыс табылып, 225 жоба жүзеге асқан.
Аудан әкімі Нұржан Ахатовтың айтуынша, «Ұлттық жоба» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау бағытында 1 013,4 млн теңге көлемінде несие қаражатын алынып, 50 жоба жанданған. Ал «Наурыз-Дем»НС арқылы 22 жоба (661,1 млн теңге), «Аграрлық несие корпорациясы» негізінде 33 жоба (649,1 млн.теңге), «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 42 жоба (243,4 млн теңге), Жастарға шағын несие қаражатын беру 4 жоба (17,7 млн теңге) қаржыландырылды. Сонымен қатар, ауданнан 17 жоба 75,5 млн теңге көлемінде қолдау алып, қаржыландыру күтілу үстінде.
Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Жалпыұлттық жобалар аясында биыл ауданда 27,7 млрд теңге қаражаты есебеінен 15 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Нақтылайтын болсақ, «Шиелі Доломит» ЖШС-ның қиыршық тас зауыты құрылысының жобасы. Жалпы құны – 1,3 млрд теңге. Жобаның құрылысы кезінде 52 адам, іске қосылғанда 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмыстары толық іске қосуға дайындақ жұмыстары жүргізілуде.
«ADK Group Kazakhstan» ЖШС әк шығару зауытының құрылысы жобасы. Жобаның құрылысы кезінде 120 адам, іске қосылғанда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жоба құны – 1 млрд теңгені құрайды.
«KUTAU SP» ЖШС-ның «Кутау-3» кенішіндегі қиыршық тас және әк өндіру зауытының құрылысы жобасы. Жобаның құрылысы кезінде 120 адам, іске қосылғанда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылу көзделуде. Жоба құны – 2,4 млрд теңге.
Одан кейін Еңбекші ауылдық округінен жобалық құны 20 млрд теңгені құрайтын «Тесис» ЖШС-ның қуаттылығы 40 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы бастау жоспарлануда. Жобаның құрылысы кезінде 100 адам, іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмысқа жұмылдырылмақ.
Осы аты аталған жобалар толық іске қосылған кезде 590 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бүгінде ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы тұрақты бақылауда
18 шілде 2023 ж. 3 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031