Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда ұн шығаратын зауыт ашылады

Сырдарияда ұн шығаратын зауыт ашылады

Тереңөзек кентінде ұн шығаратын зауыт салынды. Жоба құны 80 млн теңге. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.

Зауыт тәулігіне 60 тонна ұн өндіреді. Жобаны «Аққұм Жер» серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Шикізат Қостанай облысынан әкелінетін болады.
Жалпы өткен жылы ауданда мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін дөңгелетуге ниетті азаматтардың 538 жобасы қолдау тапты. Ал биыл облыстың экономикалық даму жоспарын іске асырудың Жол картасына ауданнан 6 жоба енгізілген. Оның ішінде «Күріш ақтап, тазалайтын және кіші пастерленген сүт зауыттарын іске қосу, жылыжай және бау-бақша сақтайтын қойма салу» жобасы бар. Жаңадан 33 жұмыс орны ашылады. Бүгінде бұл жобаның күріш тазалайтын цехы іске қосылды. 
Аудан бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 10,9 пайызға, ал нақты жұмыс жасайтын субьекті саны 10,2 пайызға артты. Экономиканы өркендетудің бірден-бір жолы кәсіпкерлікті дамыту екені анық. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде елімізде кәсіп ашуға мол мүмкіндіктер жасалуда, – деді Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев.Биыл «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысын салу» жобасы индустрияландыру картасына енгізілді. Құны 150 млн. теңгені құрайтын жоба жүзеге асса, айына 70 тонна күріш ақталып, 25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
25 наурыз 2021 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031