Жылдың үздік жастары
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан елдің дамуы жолында өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға, тұтас ұлттың болашағы. Қай уақытта болсын, қазақ қоғамы жастарға иек артып, келер ұрпақтың әлеуетіне сенетіні атам заманнан аян. Содан болар ел тәуелсіздігін жарияғалы 33 жылда арнайы бекітілген Жастар саясатының тұжырымдамасына сәйкес, ауқымды істер атқарылып келеді.»Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген. Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген.
Бүгінде Шиелі ауданы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 25 442-ні құрап отыр. Оның ішінде кент жастары – 11 836, ауыл жастары – 13 606-ға жеткен. Биыл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 40 млн 220 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 млн 645 мың теңге бөлінген. Бұл көрсетілген қаржының барлығы жастар саясатының жүйелі жүргізілуіне жұмсалып, демеу беріп отыр.
Бүгінде Шиелі ауданы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 25 442-ні құрап отыр. Оның ішінде кент жастары – 11 836, ауыл жастары – 13 606-ға жеткен. Биыл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 40 млн 220 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 млн 645 мың теңге бөлінген. Бұл көрсетілген қаржының барлығы жастар саясатының жүйелі жүргізілуіне жұмсалып, демеу беріп отыр.
Жуырда аудандық Жастар ресурстық орталығында дәстүрге айналған «Жастар форумы – 2024» атты аудан жастарының қорытынды форумы өтті. Аудан жастарының басын қосқан форумды аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Шахизатұлы алғы сөзімен ашып беріп, жылды сәтті қорытындылаған жастарды құттықтады.
– Қазақстан – дарынды жастар мекені. Біздің елімізде жастардың алаңсыз оқып, білім алуына, шығармашылықпен айналысып, қалаған мамандық иесі атануына барлық жағдай жасалған. Биыл аудан жастары үшін барлық сала бойынша жетістікке толы жыл болды. «Алтын домбыра – 2024» республикалық ақындар айтысында айтыстың ақтаңгері, Сырдың мақтанышы Мейірбек Сұлтанхан алтын домбыра иегері атанса, қазақ күресінен Бекжан Төлепов Әлем чемпионы болып ел мерейін өсірді. Міне, өзге де жастар осылайша әр сала бойынша үлкен белестерді бағындыруда. Еліміздің болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналып, өмірдің барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектес екенімді білдіріп, бірігіп барлық бастамаларыңызға қолдау көрсетуге дайын екенімді жеткіземін, – деді.
Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өз саласы бойынша айрықша жетістіктерге жеткен, ауданда жастар саясатын жан-жақты дамытуға үлес қосып жүрген белсенді 10 жасқа Шиелі ауданы әкімінің «Жыл үздігі – 2024» жастар сыйлығын табыстады. Атап айтар болсақ, «Үздік оқушы» номинациясымен №45 Ақ Орда мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аяулым Алмасқызы, «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша Сұлутөбе дәрігерлік амбулаториясының аға және жалпы тәжірибелі дәрігері Сабира Сейтқанқызы, ал «Үздік жас ұстаз» номинациясын Бестам ауылы №205 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наржан Ғалымжанұлы иеленді. Биылғы қорытынды жастар форумында «Үздік жас спортшы» номинациясымен Панкратионнан Әлем чемпионы, ММА-дан Азия, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абылай Болатұлы, «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша аудандық «Өскен өңір» газетінің ақпараттық тілшісі Мейіржан Қайратұлы және «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы жеке кәсіпкер, Honeymood-Балдай кондитерлік өнім дүкенінің басшысы Жансая Әбдіғалымқызына табысталды. Ал «Үздік жас мәдениет қызметкері» номинациясы Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығының №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің көркемдік жетекшісі Өміржан Ерболатұлына, «Үздік жас мобилограф» номинациясы аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Аружан Мейрамбекқызана табыс етілді. Сонымен қатар, егін саласын игеріп, ел ырысын молайтпақ ниетте қара жерге дән сеуіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген Еркебұлан Ғалымжанұлына жылдың «Үздік жас агроном» номинациясын иеленсе, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы, волонтерлік қызмет көрсету бағында үлес қосып жүрген Рамазан Сердалыұлына «Үздік жас волонтер» номинациясы және барлық үздік деп танылған жастарға 50 000 мың теңге сертефикаты мен дипломдар берілді.
Егемен елдің болашағына айналып, көк байрағын көктен түсірмей жүрген жалынды жастардың баянды бастамаларына сәттілік тілейміз.
М.ҚАЙРАТҰЛЫ